homepage

Ақмола облысында бұрынғы мешітте жарылыс болып, үш адам қаза тапты

Juzmedia. kz
17.11.2024, 11:13

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы бұрынғы мешітте жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында жаназа ас кезінде болған.

“Газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 1978 жылы туған ер адам, 1983 жылы туған жастағы әйел және 2012 жылы туған бала қаза тапты. Сондай-ақ тағы 16 адам жарақат алды”, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарған, барлығы жеті баллон болған.

ҚАНША АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.

“Қазір құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 30-ға жуық адамы мен 5 бірлік техникасы, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, оның ішінде психологтар, қаланың кинологиялық қызметі бар”, - деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.