Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп, қаза тапқан адамды тасымалдау бойынша операция жүргізді.
30 жастағы ер адамның денесі Алматы-Алагир асуына жақын жерде табылды. Құтқарушылар оны Жусалы-Кезен асуына жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, оны анықтаумен тергеу органдары айналысып жатыр.