Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнус қаласына соққы берді. Шабуыл салдарынан бірнеше палестиналық жарақат алды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Артиллериялық соққылар Абасан-Кебир елді мекені мен оның айналасына, сондай-ақ «Ханса» мектебіне жасалған. Бұдан бөлек, Нусейрат босқындар лагерінің маңындағы бірнеше қайық атқыланды.
10 қазанда атысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, Израиль қарулы күштері (ЦАХАЛ) бітім шартын бірнеше рет бұзып отыр.
2023 жылдың қазанынан бері Газа секторындағы қақтығыстар салдарынан 68 865 палестиналық қаза тауып, 170 670 адам жараланды. Құрбандардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.
БҰҰ дерегіне сай, Газа секторының шамамен 90%-ы қираған. Аймақты қалпына келтіруге қажет қаражат көлемі 70 миллиард долларға жуық деп бағалануда.