homepage
Фото: Qazaqparat

Маңғыстауда теңіз итбалықтарының өлекселері табылды

04.11.2025, 09:10

Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылы маңындағы теңіз жағасынан алты итбалықтың өлі денесі анықталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Куәгердің айтуынша, олардың екеуінің мойнына ау оралған.

Оқиға орнына Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы мен өзге де құзырлы органдардың инспекторлары жіберілген. Қазір итбалықтардың қырылу себебі анықталып жатыр.