Испанияның Сарагоса провинциясындағы (Арагон автономиялық қауымдастығы) қарттар үйінде өрт шығып, кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
EFE агенттігінің хабарлауынша, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 05:00-де шыққан.
«Бұл кезде ғимаратта 82 адам болған. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі нақтыланған жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.