Қазан айында ел бойынша пара алу және беру деректері күрт артқанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Мекеменің дерегінше, ай ішінде пара алу бойынша 26, пара беру бойынша 11 іс тіркелген. Қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі бес дерекпен шектелді. Барлығы 83 құқық бұзушылық анықталып, олардың қатарында жымқыру, алаяқтық және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері бар.
Тексерулер қорытындысы бойынша 54 іс құқық қорғау органдарына жолданды.