homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ШҚО-да жолдарға бөлінген 120 млн теңге жымқырылған

03.11.2025, 12:56

Шығыс Қазақстан облысында қалаішілік жолдарды күтіп ұстауға арналған 120 млн теңге ұрланды. Тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Агенттік мәліметінше, “Таза Өскемен” кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер 2022–2023 жылдары мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, бюджет қаражатын өздеріне тиесілі компанияларға жүйелі түрде аударып отырған. Бұл ақшаларға битум мен құм сатып алу, арнайы техника жалдау және аялдама павильондарына материал алу туралы жалған құжаттар жасалды.

Алынған қаражат кейін кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген. Қазір күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.