homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын басқару ережелері өзгереді

03.11.2025, 12:21

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару үшін инвестициялық стратегияны өздері таңдай алады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Басқарушы компаниялардың жұмысы енді орташа нәтижемен емес, қазақстандық және әлемдік нарық индекстеріне негізделген бенчмарк жүйесімен бағаланады. Сонымен қатар, салымшыларға үш түрлі стратегия ұсынылады: консервативті, орташа және тәуекелі жоғары.

Құжатқа сәйкес, басқарушы компаниялар зейнетақы активтерін әртараптандыру үшін жаңа қаржы құралдарын пайдалана алады және әр стратегия бойынша инвестициялық шектеулер белгіленеді. Бұл басқарушыларға тәуекелдерді азайтып, табыстылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ережелер ұзақ мерзімді табыстылықты арттыруға, ашықтық пен бәсекелестікті күшейтуге бағытталған.