homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қарыз туралы мәліметтер енді Кірістер комитетіне жіберіледі

03.11.2025, 11:42

2025 жылдың 10 қарашасынан бастап кредиттік бюролар азаматтардың микрокредиттік және коллекторлық ұйымдар алдындағы қарыздары туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынатын болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жаңа ереже азаматтардың қаржылық міндеттемелерінің ашықтығын арттыру және активтер мен табыстарды декларациялау толықтығын бақылауды күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

Тәртіпке сәйкес, комитет жыл сайын 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер, міндеттемелер, табыс және мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың тізімін қалыптастырады. Бұл тізім келесі жылдың 25 қарашасына дейін жасалуы тиіс. Жаңалық 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.