Түркия билігі АҚШ-тың Мәскеуге қарсы жаңа санкцияларынан кейін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатып, оны басқа елдердің шикізатымен алмастыра бастады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әзербайжан компаниясына тиесілі елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты желтоқсандағы жеткізілімдер үшін Ресейдің орнына Ирак пен басқа елдерден төрт партия мұнай сатып алған. Күн сайынғы көлем 77 мыңнан 129 мың баррельге дейін жетеді. Бұл — ресейлік мұнайдың үлесін айтарлықтай азайтатын көрсеткіш.
Анкара санкция талаптарына сай, Еуропаға отын экспортын жалғастыру үшін мұнай өңдеу зауыттарында ресейлік мұнайды өңдеуді толық тоқтатады. Бұған қоса, жеткізілім көздерін әртараптандыру мақсатында Түркия енді Бразилия мұнайын да сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды [Juzmedia.kz](https://juzmedia.kz).