Қазақстанда қызмет көрсету нарығында баға өсімі байқалды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында жарнама агенттіктері өткен жылмен салыстырғанда қызмет құнын 1,6%-ға көтерген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ресми дерекке сәйкес, медиа саласында да баға өзгерген: теле және радио жарнама 0,3%-ға, ал жалпы БАҚ-тағы жарнама 0,1%-ға өскен. Нарық пен қоғамдық пікірді зерттеу қызметі 3,4%-ға, сапалық зерттеулер 4,5%-ға, ал сандық талдаулар 15,4%-ға қымбаттады.
IT саласында да өсім тіркелді. Бағдарламалау қызметі 2,2%-ға, техникалық қолдау мен кеңес беру 4,8%-дан 7,2%-ға дейін көтерілген. Ақпараттық қызметтер 6,8%-ға, веб-порталдарды жүргізу 3,7%-ға, деректерді өңдеу 9,7%-ға қымбаттады.
Автокөлік пен жүк тасымалдау нарығында да өсім байқалады: көлік жалдау (жүргізушісіз) 1,3%-ға, құрылыс техникасын жалдау 2%-ға, контейнерлер 1%-ға артты. Тауарларды сақтау мен тасымалдау 4,1%-ға, оның ішінде астық сақтау 6,8%-ға, майлы дақылдар 6,2%-ға, құрылыс жүктері 6,5%-ға көтерілген. Көмір мен кокс сақтау құны 2,1%-ға, ал сұйық және газ тәрізді жүк сақтау 3,5%-ға артқан. Порттық тиеу-түсіру қызметтері 6,4%-ға өсті.
Заңгерлік және бухгалтерлік қызметтер де қымбаттаған: сауда құқығы бойынша 8,5%-ға, еңбек құқығында 3,6%-ға, азаматтық істерде 1,2%-ға өскен. Бухгалтерлік есеп пен аудит қызметтері тиісінше 2% және 4,8%-ға артты.