homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда бензин бағасына қатысты шағым қабылдайтын байланыс желісі ашылды

01.11.2025, 09:14

Энергетика министрлігі АИ-92 маркалы бензин мен автогаз бағасының өсуі және жанармай тапшылығына байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желісін іске қосты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрлік тұрғындар жанармай бағасының негізсіз көтерілуі немесе сатылмауы жөнінде +7 701 855-02-48 нөміріне хабарласа алатынын мәлімдеді. Бұл шара бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Ведомство жанармай нарығындағы алыпсатарлық пен жасанды тапшылықтың алдын алуды көздейді. Қазір АИ-92 және дизель отынының бағасын көтеруге уақытша тыйым салынған. Министрлік баға тұрақталғанша бұл шектеу күшінде болатынын айтты.