homepage
Фото: ашық дереккөзден

Теміржол тарифтері биыл үш рет өскен

01.11.2025, 10:05

Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдағы бес жылда магистральдық теміржол желісі қызметтерінің тарифін көтеруге қарсы екенін мәлімдеді. Қазір Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚТЖ» ұсынған жаңа минималды және максималды тариф индекстерін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Палата өкілдерінің айтуынша, соңғы үш жылда тарифтер бірнеше рет негізсіз өскен. «ҚТЖ» компаниясы ең жоғарғы индексті 3,0 деңгейінде қалдыруды ұсынып отыр. Бұл тарифті базалық деңгейден үш есе артық белгілеуге мүмкіндік береді. 2023 жылы теміржол тарифтері үш рет, 2024 жылы бес рет, ал 2025 жылы тағы үш рет көтерілген.

Биыл көктемде экспорттық бағыттардағы тарифтердің күрт өсуі салдарынан көмір, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау қиындыққа тап болды. «Казахмыс» экспорттық тасымал тарифтерінің 316%-ға артқанын, ал «Каражыра» көмір экспортының 35%-ға қысқарғанын хабарлады. Энергетика саласында да төлем дағдарысы басталған.

Сала одақтары тариф өсімі ұн, нан, мал азығы сияқты өнімдердің бағасын көтеріп, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дағдарысқа ұшыратуы мүмкін деп ескертті.
 

Теги: