homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандықтар шетелге жұмыс істеуге сирек шығатын болды

31.10.2025, 17:26

Қазақстандықтардың шетелге еңбек миграциясы азайып келеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, соңғы үш жыл бойы көші-қон сальдосы оң көрсеткіште қалып отыр. 2023 жылы бұл көрсеткіш +9 344 адамды, 2024 жылы +17 164 адамды, ал 2025 жылы +7 700 адамды құраған. Биылғы екінші тоқсанда елге 11,3 мың адам келіп, 3,5 мың адам шетелге кеткен. Негізгі миграциялық өсім ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасынан байқалады.

Сондай-ақ, шетелге жұмыс істеуге кететін қазақстандықтардың саны азайған. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша шетелде 156,7 мың азамат еңбек етуде. Олардың басым бөлігі Ресейде – 128,8 мың адам, Оңтүстік Кореяда – 15,2 мың, Польшада – 2,6 мың және Ұлыбританияда – 1,4 мың адам.

Бұған қоса, ел ішінде үй шаруашылығында жұмыс істейтін еңбек мигранттарына арналған квота жалпы жұмыс күшінің 2,9 пайызын немесе 237,8 мың адамды құрайды. 1 қазанға дейін бұл санаттағы 132,5 мың шетелдік еңбек етіп жүр, олардың ішінде 124,1 мыңы Өзбекстаннан, 7,1 мыңы Тәжікстаннан және 1,2 мыңы Әзербайжаннан келген.