homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандa тұтынушылық несие көлемі 16 триллион теңгеден асты

31.10.2025, 16:37

Ел тұрғындары банктерден жеке мақсаттарға 16,2 триллион теңге көлемінде несие алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық банктің дерегінше, 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша тұтынушылық несиелеу бойынша көшбасшы өңір — Алматы қаласы. Мұнда халықтың қарызы 5,1 триллион теңгеге жетіп, бір жылда 27,5%-ға өскен. Екінші орында — Астана (1,7 трлн теңге, +30,8%), үшінші орында — Шымкент (1,4 трлн теңге, +37,3%).

Келесі орындарда Қарағанды (903,7 млрд теңге, +22%) мен Ақтөбе облыстары (669,8 млрд теңге, +23,2%) тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында — 145,1 млрд теңге (+18,8%). Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда 216,6 млрд теңге (+27%), Алматы облысында 219,6 млрд теңге (+40%) несие рәсімделген.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені (ЖТМ) 46%-дан 40%-ға дейін төмендету мәселесі қаралып жатқанын айтқан болатын. Сонымен қатар, реттеушілер қарыз жүктемесінің коэффициентін азайту шараларын зерттеп жатыр.