Ұлыбритания королі Карл ІІІ інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды Букингем сарайынан шығарып, оның барлық корольдік атақтары мен міндеттерін тоқтатты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мұндай шешім Эндрюдің америкалық миллиардер әрі педофил ретінде сотталған Джеффри Эпштейнмен достық байланысына байланысты қабылданған. Даудан кейін ол патшалық отбасының ресми мүшесі ретіндегі мәртебесінен айырылып, енді тек жеке тұлға ретінде тіркелді.
Бұған дейін Эндрю Йорк герцогы атағын иеленіп, корольдік отбасында жоғары мәртебеге ие болды. Алайда соңғы шешімнен кейін ол Букингем сарайындағы резиденциядан шығарылып, мемлекеттік қызметтерден біржола шеттетілді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам Ұлыбритания монархиясының беделін қорғау және қоғам алдындағы моральдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.