homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 3 қарашада басталады

31.10.2025, 14:23

Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 3 қарашадан басталып, 1 желтоқсанға дейін жалғасады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бағдарламаға «Отбасы банкінің» салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 млн теңге жинағы бар және соңғы бес жылда өз меншігінде баспанасы болмаған азаматтар қатыса алады.

Өтінім қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеті арқылы өтінім беріп, нәтижесін сол жерде бақылай алады.

Бағдарлама бойынша несие сомасының ең жоғары мөлшері өңірлер үшін 30 млн теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге көлемінде белгіленген. Несие мерзімі 19 жылға дейін созылады.