homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуіне байланысты жолаушыларды сақтандыру жүйесі енгізілмек

31.10.2025, 11:38

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуы жағдайында жолаушыларға өтемақы төлеуді көздейтін сақтандыру тетігі іске қосылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, жоба қазір Астана, Алматы, Ақтау, Петропавл, Өскемен, Қызылорда, Қостанай, Орал, Түркістан және Ақтөбе қалаларында сынақ режимінде жүріп жатыр.

Тестілеу нәтижесіне қарай жүйенің толық енгізілу мерзімі анықталады. Комитеттің хабарлауынша, бұл тетік жолаушыларға рейс кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда сақтандыру өтемін жеңіл әрі автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. Тест аяқталған соң қызмет елдің барлық өңірінде қолжетімді болмақ.

Ведомствоның дерегінше, жаңа сақтандыру жүйесі әуе билетінің құнына айтарлықтай әсер етпейді. Керісінше, ол жолаушылардың құқықтық және қаржылық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта нормативтік базаны жетілдіру және қосымша тетіктерді енгізу жұмысы жүріп жатыр.

Бұған дейін елде рейстердің кешігуінен ерікті сақтандыру жобасын іске қосу бойынша дайындық басталғаны хабарланған еді.