Бас прокуратура шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан топтың мүшесін Ресейден Қазақстанға қайтарды жеп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері бола тұра, 2022–2023 жылдары Жетісу облысында топ құрамында әрекет еткен. Ол алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы жалған ақпаратты мемлекеттік базаға енгізіп, көліктерді заңсыз тіркеген.
Салдарынан 481 көлік заңсыз есепке алынып, мемлекет бюджеті 3,7 млрд теңге кірістен қағылды. Қылмыстан кейін күдікті ізін жасырып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биыл наурызда ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Қолданыстағы заң бойынша оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделмек.