homepage
Фото: rggold.kz

Райгородок алтын кенішінің жаңа иесі өндіріс көлемін арттырмақ

30.10.2025, 16:05

Ақмола облысындағы Райгородок алтын кенішінің жаңа иесі — Қытайдың *Zijin Gold International* компаниясы — қор көлемін 200 тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр еп хабарлайды Juzmedia.kz.

Компанияның Еуразиядағы бөлім басшысы Ляо Цзяньшэн Inbusiness.kz-ке берген сұхбатында жаңа зауыт құрылысына шамамен 500 млн доллар инвестиция салынатынын айтты. Кәсіпорын жылына 6–8 млн тонна кен өңдейтін қуатқа ие болады. Жоба аясында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Zijin компаниясы қазан айында RG Gold акцияларын 1,2 млрд доллармен сатып алу келісімін толық аяқтаған. Алтын өндірудің жаңа кезеңінде заманауи технология енгізіліп, геологиялық қайта бағалау жүргізіледі.