Әлеуметтік желіде 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандардың туыстары жариялаған бейнежазба тарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Олар қылмыстық істі екіжақты қарауды талап ететінін айтты.
"Біз балаларымыз үшін халықтан кешірім сұраймыз. Балалар кінәлі, бірақ Нұрқанат та (Шерзаттың ағасы), Қаржаубай (Шерзаттың әкесі) да жауапқа тартылсын. Не де болса, бір жақты кінәлауға болмайды. Мылтықты Нұрқанат көлігінен алып шығып, балаларға қаратып атқан. Балалар тыныш тұрған кезде Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Өздері мылтық, пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті", – дейді күдіктілердің туыстары.
Олардың айтуынша, оқиға болған орынға келген жастар дәмханада отырған кезінде Дархан есімді күдікті хабарласып, соған топ болып барған. Алайда жастардың арасында Дарханды танымайтындар да болған.
"Біздікі дұрыс емес. Бірақ балаларды арандатпаса, бәрі тыныш үйіне кетер еді. Олар жиналып алып әдейі барған жоқ. Олар Шерзатты өлтіреміз деп барған жоқ. Ұйымдасқан қылмыстық топ та емес. Бәрінің үй-жайы бар. Олар кафеде өздерімен-өздері отырған. Бәленің бәрі сол Дарханнан басталған. Ол жерде Дарханды танымайтындар да болған. Ол Қаржаубайдың танысы", – деді күдіктілердің туыстары.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде видеохабарламада келтірілген дәлелдер зерттеліп жатқанын айтты.
"Қылмыстық іс бойынша істің барлық мән-жайларын, оның ішінде тергеудің барысы туралы бейнехабарламада келтірілген дәлелдерді ескере отырып, толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды", - деп түсіндірді департаментте.
Еске салайық, Алматы облысында 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат есімді жасөспірім жаппай төбелес кезінде бір адамның қолынан пышақ жарақатынан көз жұмды. Аталған іске қатысты 7 адам ұсталды. Кейінірек марқұмның отбасы тұратын үй өртенгіп кетті. Сондай-ақ қолға түскен күдіктілер саны 11-ге жетті.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.