Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада соққы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Алдын ала деректерге қарағанда, Ержан Бабакумаров таныстарымен бірге болған сәтте жанжал туып, ол ауыр жарақат алған. Алған соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Ержан Бабакумаров 1978 жылы дүниеге келген. Ол Президент әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ «Қазмедиа орталығы» басқармасында басшылық қызметтер атқарды. 2019–2023 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. Бұл қызметте ол ішкі саясат, қоғаммен байланыс және мәдениет салаларына жетекшілік еткен. Бұған дейін ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін де атқарды.