Қазірдің өзінде 118 автобус қалаға жеткізілді, қалған 182-сі 3–4 айда келеді. Парк толыққан соң жаңа бағыттар ашылып, аялдамада күту уақыты қысқарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автобустарды желіге шығаруға дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, партияның негізгі бөлігі жақын айларда жеткізіледі.
Әкімдік биылғы жеткізілімнен бөлек, келесі жылы тағы 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қадам қоғамдық көлік санын ұлғайтып, аралық интервалды қысқартуға және ескі автобустарды кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталады.