homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

30.10.2025, 10:02

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшыларға ай сайын 20–40 пайыз табыс уәде еткен. Алайда төлемдер нақты пайдадан емес, кейін қосылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүргізілген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, жобаға 4 мыңнан астам адам тартылған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот 402 миллион теңге, 52 автокөлік, бір жеке үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі екі пәтер және 17 келі зергерлік бұйымды мемлекет пайдасына тәркіледі.