homepage
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарына талаптар күшейеді

30.10.2025, 09:39

3 қарашадан бастап елдегі микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарызды 90 күннен артық қайтармаған борышкерлермен белсендірек жұмыс істеуге міндеттеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, МҚҰ портфеліндегі мерзімі өткен қарыздардың үлесі төмендетіледі: 2025 жылғы 3 қарашадан бастап — 15 пайыздан аспауы тиіс (қазір 20%), ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 10 пайыздан аспауы керек. Сонымен қатар, микроқаржы ұйымдары үшін жаңа міндетті көрсеткіш — қарыз жүктемесі коэффициенті енгізіледі. Бұл көрсеткіш азаматтардың нақты қаржылық мүмкіндігін бағалап, шамадан тыс қарыз алуына жол бермеуге бағытталады.