Петропавл қаласы мен облыстың сегіз ауданында автогаз бен АИ-92 бензині тапшылығы байқалды. Автозаправкаларда көгілдір отынды талонмен беру, ал кейбір жерлерде АИ-92 мүлде жоқ екені хабарланды – деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жергілікті энергетика және ЖКХ басқармасы орынбасары Қуандық Шакубаевтың айтуынша, жағдайға Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары себеп болған. «Қосымша 2 500 тонна сұраныс берген едік, бірақ ресурстар бөлінбеді», – деді ол.
Сондай-ақ, егін жинау науқаны кезінде элеваторлардың автогазға деген сұранысы артты. Мысалы, өңірге қазан айында 4 100 тонна, қарашада 4 800 тонна, желтоқсанда 5 200 тонна газ жеткізу жоспарланды. Автогаз литрінің бағасы 112 теңге, тұрмыстық газ 117 теңге шамасында.
Автозаправкалар саны облыста 122-ге жетсе, газбен жабдықтау ұйымдары – 19.