homepage

Перизат Қайрат сот санкциясымен екі айға қамауға алынды

Juzmedia. kz
16.11.2024, 12:55

Сот санкциясымен еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті П. Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П. Қайрат–қа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.

Еске салсақ, BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Пернизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Қаржылық мониторинг агенттігі сондай-ақ еріктіге қатысты тағы бір тың деректі жариялады. Онда Перизат Қайраттың сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 200 млн теңгені жымқырды деген күдікке іліккені белгілі болды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.