homepage
Фото: Ақорда

Трамп Тоқаевті Вашингтонға шақырды

29.10.2025, 15:25

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Вашингтонда өтетін «C5+1» саммитіне қатысуға шақырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор Ақордада Тоқаевқа Дональд Трамптың сәлемін жеткізіп, Орталық Азияның АҚШ үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Кездесуде энергетика, сирек металлдар, цифрлық даму, көлік және логистика салаларындағы серіктестікті кеңейту жайы талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық саясаттағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Тоқаев америкалық әріптесіне алғыс айтып, алдағы саммит екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.