Елде азаматтардың өтелмеген несиелерін коллекторлық агенттіктерге беру жағдайы көбейіп келеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің дерегінше, 2024 жылы жеке тұлғалардың төленбей қалған несиелері бойынша берешек көлемі өсіп, 370 млрд теңгеге жетті. Оның басым бөлігі – банктерге тиесілі, шамамен 285 млрд теңге. Ал микрокредит ұйымдары бойынша бұл көрсеткіш 85 млрд теңге шамасында.
Биыл енгізілген жаңа шектеулерге байланысты 2025 жылдың қаңтарынан тамызына дейін коллекторларға берілген берешек мөлшері 18 пайызға азайды. Яғни 370 млрд теңгеден 303 млрд теңгеге дейін төмендеді.