homepage
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда археологияны үйлестіретін ұлттық жүйе пайда болады

29.10.2025, 11:37

Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғауға арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады – деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде археологиялық зерттеулерді ғылыми тұрғыда бақылайтын және үйлестіретін бірыңғай құрылым жоқ. «Кім қалай істеймін десе, солай істейді. Бірі музеймен, бірі әкімдікпен, енді бірі жеке өзі әрекет етеді. Соның салдарынан ретсіздік пен қайталау жиі кездеседі», – деді ол.

Бұл мәселені шешу үшін Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының базасында Ұлттық археологиялық қызмет құрылмақ. Жаңа құрылым археологиялық қазбаларға мониторинг жүргізіп, ғылыми сараптама жасап, бірыңғай ақпараттық жүйені басқаратын болады. Сондай-ақ ол археологтарға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіп, саладағы үйлесімділікті қамтамасыз етпек.