Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты қосымша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҮШ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР, ҚЫМБАТ КӨЛІК ПЕН ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР
«Тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ретінде келесіні хабарлаймыз. Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды. Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды», - делінген ҚМА хабарламасында.
200 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАН
Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктеліп отыр.
Тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін белгілі болғандай, BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жеткшісі Пернизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.