Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында 16 миллион теңге көлеміндегі пара фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, облыстық басқармалардың бірінің басшысы мен оның орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырған. Олар төленбеген жалақыны өтеу үшін бөлінген 191 миллион теңгені иемденгені анықталды. Сонымен қатар ветеринария басқармасының басшысы 16 миллион теңге пара беру күдігімен ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынған. Тергеудің өзге мәліметтері жария етілмеді.