homepage
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Қазақстан мен Финляндияға уран сатпақ

28.10.2025, 15:02

Қазақстан Финляндияға уран жеткізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ақордада өткен кездесу аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазір Финляндиядағы атом электр станцияларына қазақстандық уран жеткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгін әріптестерімізбен қол қойылатын құжаттардың негізгі мәні де – осы. Қазақстан халықаралық нарықты кеңейтуге мүдделі және әрдайым серіктестерге біздің уранды сатып алу мүмкіндігін ұсынады», – деді ол.

Сәтқалиевтің айтуынша, бұл келісім бұрын да фин серіктестерімен талқыланды. «Олар елеулі қызығушылық танытқан болатын. Енді Финляндия президентінің Астанаға сапары – мұндай жеткізілімдердің көлемі мен шарттарын талқылауға тамаша мүмкіндік», – деп түйіндеді агенттік басшысы.