Есеп комитетінің дерегінше, 2021–2023 жылдары бюджетке түспеген кіріс көлемі 74,1 миллиард теңгені құраған. Аудиторлар табыс пен шығысты салыстыру кезінде бірқатар салада сәйкессіздік анықталған, деп хабарлайды Juzmedia.kz LS.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру қорытындысы бойынша, жеке тұлғалардың кедендік рәсімдеусіз көлік әкелуі салдарынан мемлекетке 2,9 миллиард теңге шығын келді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығында — мал және ет саудасы, картоп пен майлы дақыл өсіруде, сондай-ақ қызмет көрсету саласында — автокөлік жуу және демалыс-ойын-сауық қызметтерінде табысты жасыру фактілері тіркелді.
Аудиторлар шетел азаматтарының елден аударған қаражат көлемі олардың ресми табысынан әлдеқайда көп екенін де анықтады. Есеп комитетінің мәліметінше, көлеңкелі экономиканы нақты бағалау әдістемесі толық жетілмегендіктен, жоғалған табыстың шынайы көлемін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.