Ақтөбеде «bingo37.pro» заңсыз онлайн-казиносының ұйымдастырушылары сотталды.Тергеу материалдарына сәйкес, ойыншылардың ақша тігулері операторлар арқылы банктік аударым жолымен қабылданып, кейін олардың атына платформада тіркеліп, ойынға қатысуға арналған сілтеме берілген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот үкімі бойынша айыпталушылар күн сайын 150 мыңнан 200 мың теңгеге дейін заңсыз табыс тапқан.
Белгілі болғандай, ұйымдастырушылардың бірі осыған ұқсас қылмыс үшін 2020 жылы да жауапқа тартылған, алайда соған қарамастан, заңсыз қызметін жалғастырды.