Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда теракт дайындау әрекетінің жолын кескенін хабарлады. Оқиғаға қатысы бар бес шетел азаматы ұсталып, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ведомство мәліметінше, қыркүйек және қазан айларында терроризмді насихаттау күдігімен сегіз Қазақстан азаматы да қамауға алынған.
Жалпы жыл басынан бері осындай қылмыстар бойынша 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың алтауы – шетел азаматтары.