Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азия елдері арасында кедейшілік деңгейі ең төмен елдер – Қазақстан мен Беларусь. Бұл Ranking.kz зерттеуінде жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Зерттеу нәтижесінде, Қазақстан мен Ресейде халықтың бар болғаны 0,04 пайызы ғана күніне 3кеде доллардан аз қаражатпен өмір сүреді. Беларусь бойынша мұндай деңгейдегі кедейшілік тіркелмеген.
Ал ең ауыр жағдай Тәжікстанда байқалған – ел халқының 61,3 пайызы күніне 3 доллардан аз табыспен күн көреді. Өзбекстанда бұл көрсеткіш – 14,1 пайыз, Қырғызстанда – 11,7 пайыз, Арменияда – 2,6 пайыз.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы кедейшіліктің төмен деңгейі ел экономикасының тұрақтылығын және әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін көрсетеді. Дегенмен табыс теңсіздігі мен халықтың сатып алу қабілеті әлі де өзекті мәселе болып отыр.