Республика күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жеті жылдағы экономикалық өсімге тоқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Президенттің айтуынша, 2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 16 пайызға ұлғайған.
«Биыл жалпы ішкі өнім шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде. Бұл Қазақстанның аймақтағы ең ірі экономика екенін көрсетеді. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 47 пайызға артып, 14 400 долларға жетті. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдің алтын-валюта резерві 58 миллиард долларға жеткенін, ал сыртқы сауда айналымының жеті жылда 83 пайызға өсіп, бүгінде 142 миллиард долларға жеткенін айтты.