homepage
polisia.kz

Ақтөбе облысында әйел қарт анасын соққыға жығып өлтірді

15.11.2024, 13:30

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 73 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті өз үйінен табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зейнеткердің өліміне ішкі ағзаларының жарақаттануы себеп болған.

«Қылмысты жасаған деген күдікпен оның 48 жастағы қызы ұсталды. Оның алкогольдік ішімдік ішкен соң дау-дамай кезінде анасын соққыға жыққаны анықталды», - делінген хабарламада.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Полиция абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр зардаптар бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.