Қазақстандағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға тартылған шетелдік инвестиция көлемі өсіп келеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, биылғы тоғыз айда инвестицияның негізгі бөлігі машина жасау, құрылыс материалдары және логистика салаларына бағытталған. Ең белсенді аймақтар – «Астана – жаңа қала», «Оңтүстік» және «Қорғас – Шығыс қақпасы».
Капитал негізінен Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея және БАӘ-ден келіп отыр. Сарапшылар бұл үрдісті Қазақстанның өндірістік әлеуетінің артуымен және жаңа аймақтық экономикалық бағыттармен байланыстырады.