Өскемен қаласында ауа құрамындағы күкіртсутек мөлшері шекті рұқсат деңгейінен үш есе асып кеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бақылау нәтижелері бойынша, Бажов көшесі маңында күкіртсутек концентрациясы нормадан айтарлықтай жоғары болған. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға желсіз ауа райы мен жоғары ылғалдылық әсер етті.
Қазір экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қабылданды. «Қазцинк» металлургиялық кешені өндіріс көлемін 20 пайызға, цинктік зауыт 50 пайызға дейін қысқартқан. Сондай-ақ Өскемен жылу электр орталығының қуаты 35 пайызға азайтылды.
Экология департаменті қала әкімдігіне ұсыныс хат жолдады. Ал экологиялық ахуалға байланысты 24 қазанда Өскемен мектептерінде сабақ қашықтан өткізіліп жатыр.