homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда несиелер қолжетімсіз болмақ: 2026 жылы не өзгереді

24.10.2025, 09:32

2026 жылдың сәуірінен бастап жаңа қаржылық талаптар күшіне енгеннен кейін қазақстандықтарға тұтынушылық несие алу қиындай түспек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Реттеушілердің шешімімен банктер жеке тұлғаларға берілетін несиелер бойынша тәуекелге қарсы қосымша капитал буферін 2 пайыз деңгейінде қалыптастыруы тиіс болады. Сонымен қатар, тұтынушылық несиелердің ең жоғары тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46 пайыздан 40 пайызға дейін төмендетіледі.

Экономистердің пікірінше, бұл шаралар табысы бейресми азаматтар мен қарыз жүктемесі жоғары қазақстандықтар үшін қиындық тудырса да, қаржы нарығын сауықтырып, тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.