homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда Республика күніне орай ел бойынша ауқымды жеңілдіктер өтеді

23.10.2025, 15:03

24–27 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде Республика күніне арналған кең көлемді жеңілдіктер науқаны өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Бүкіл ел бойынша 220-дан астам сауда нысаны акцияға қатысады. Жеңілдіктер 10%-дан 70%-ға дейінгі аралықта болады және тұрмыстық техника, киім, аяқ киім мен үйге арналған тауарларға қолданылады.

Акцияға Астанадағы MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», Abu Dhabi Plaza, «Сарыарқа», Koktal, «Сауран» сауда үйі, Magnum, Small және «АНВАР» желілері қосылды. Алматыда Forum, Mega Alma-Ata, Mega Park, Mart және Aport Mall East секілді орталықтарда жеңілдіктер ұсынылады. Шымкентте Shymkent Plaza, RAHIMA Plaza, Diamond Plaza және басқа да нысандар тұрғындарға төмен бағамен сауда жасау мүмкіндігін береді.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама ішкі нарықты қолдау және халықтың тұтыну тауарларына қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.