homepage
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысынан белгісіз дрон табылды

23.10.2025, 14:07

Бөрілі ауданындағы Қызылтал ауылы маңында белгісіз ұшу аппаратының жарылғаны тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аумақтан табылған, зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас бөлшектер табылғанын растады. Қазір мүдделі органдар оқиғаның себептері мен нысанның қайдан ұшып келгенін анықтап жатыр.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейтіп, мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуге жол бермеу мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, шетелдік серіктестермен бұл аппараттардың шығу тегіне қатысты кеңес жүргізілуде.
 

Теги: