Еуропалық одақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялық пакетті қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа шектеулерге сұйытылған табиғи газ импортына тыйым салу, ресейлік дипломаттарға визалық шектеулерді күшейту және «көлеңкелі флотқа» жатқызылған кемелер тізімін кеңейту шаралары енді.
Reuters дерегінше, санкциялар тізіміне Қазақстан мен Беларусьтің бірнеше банкі де қосылды.