Алматы – Екатеринбург тасжолында Курминка ауылынан 2 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болып, 7 адам қаза тапты, сондай-ақ бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қарашада сағат 10.00-де болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша Тойота Альфард» көлігінің жүргізушісі көктайғақта рөлді басқара алмай, жол шетіне қарай аударылып кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен оның 6 жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында көз жұмды. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне абай болуды, жол ережесін сақтауды және жылдамдықты бұзбауды сұрайды.