homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Самара – Шымкент трассасындағы апаттан 12 адам қаза тапты

23.10.2025, 11:25

Самара – Шымкент тас жолында Белкопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» соқтығысып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗельдегі» 10 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, «ГАЗель» Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушы тасымалдаумен ресми түрде айналысқан. Қазір жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.