homepage
Фото: «ҚазТрансОйл» баспасөзі

«ҚазТрансОйл» Каспий бағытымен мұнай тасымалын 25 пайызға азайтты

23.10.2025, 11:02

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы 2025 жылдың тоғыз айындағы өндірістік көрсеткіштерін жариялады. Компания дерегінше, жалпы тасымал көлемі 34,6 млн тоннаны құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға азайған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу 4 пайызға өсіп, 13,6 млн тоннаға жеткен. Ірі алушылардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (4,63 млн т), Атырау мұнай өңдеу зауыты (4,31 млн т) және Павлодар мұнай-химия зауыты (4,18 млн т) бар.

Ал экспорт бағыттарында әркелкі динамика байқалады: «Атырау – Самара» желісі бойынша жеткізу 4 пайызға, Қытай бағыты 5 пайызға, «МұнайТас» жүйесі 5 пайызға артқан. Бірақ Каспий құбыр консорциумына мұнай жөнелту көлемі 25 пайызға төмендеп, 2,51 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ Ақтау портындағы танкерлерге құю 5 пайызға, ал Батуми терминалы арқылы өткізу 3 пайызға азайды.