homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Үйін жалға беріп жүргендер салықтан жалтара алмайды

22.10.2025, 14:30

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, мемлекет пәтерін жалға беріп, табысын жасырған азаматтарды анықтау тетіктерін күшейтіп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл үшін әртүрлі деректер салыстырылып, банктік операциялар мен тұрғын үй қорының есебі тексеріледі.

«Мысалы, бір адамның 10 пәтері бар, бірақ өзі тек біреуінде тұрады. Қалғандары жалға берілуі мүмкін — біз осыны анықтаймыз. Ол үшін учаскелік полицейлермен және тұрғын үй иелері бірлестіктерімен бірге жұмыс істейміз. Сондай-ақ, егер адамның есепшотына банк қосымшасы арқылы үнемі ақша түсіп тұрса, бұл да күмән тудырады», — деді Біржанов.

Оның сөзінше, мұндай бақылау нәтижесінде пәтерін жалға беріп жүрген, бірақ салық төлемей отырған азаматтар анықталып, олар мемлекет алдындағы міндеттемесін орындауға тиіс болады.