homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстанда төменгі жалақыны көтеру ұсынылды

22.10.2025, 12:32

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсынылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұсыныс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде айтылды. Қолданыстағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болса, жаңа мөлшер 110 мың теңге болуы мүмкін. Бұл өзгеріс төмен жалақы алатын қызметкерлердің табысын арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептеу әдістемесін қайта қарауды жоспарлап отыр. Министрлік бұл процесте Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескеретінін мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, ең төменгі жалақының өсуі шағын және орта бизнеске қосымша жүктеме түсіруі мүмкін, сондықтан шешім теңгерімді тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс.